Жиынды қорытындылаған Ерлан Қарин бұдан былай бұл форумның тұрақты түрде өтетінін айта келіп, Қырғыз Республикасының батыры, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Медетхан Шеримкуловтың иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Қасмамбетов көрнекті қаламгер Төлен Әбдікке дәл осындай құрмет көрсетті.