"Біз – шетел қазақтары аш емеспіз. Кедей емеспіз. «Ана жерде тұратын қазақтардың тұрмысы нашар» деген көзқарастан арылу керек. Біз тіпті де ондай емеспіз. Біз жағдайымызды жақсартқымыз келгеннен емес, атажұртқа аңсарымыз ауып тұратындықтан, жүрегіміздің бір бөлшегі жетіспейтіндіктен көшкіміз келеді".