Әлбетте, осындайда жер сілкінісі кезінде одан қорғану шаралары, елімізде сейсмология ғылымының даму деңгейі және бұл саладағы басты ғылыми зерттеу орталығы – Сейсмология институтының бүгіні мен ертеңі туралы сұрақтар туындайтыны – зандылық. Соларға жауап ретінде және зілзала қаупі басым аймақтарда мекендеген тұрғындар мен кейінгі жас мамандар үшін пайдасы болар деген ойменен осы қысқаша мақаланы жария етуді жөн көрдім.