Бұл айдар жаңа заман қазақ поэзиясы туралы сыр шертеді. Шын поэзияны талдау қашан да қиын. Асыл сөздің, күрделі де күңгірт өнердің қабаты да сан қырлы. Бірдеңе туралы бірдеңе айтқандай боласың, кейде. Біз белгілі бір авторлар мен олардың айналасындағы көзқарастарды шамалап айта аламыз, ол бірақ сол автор мен эстетикалық таным тұрғысынан біріккендердің шығармашылығын танып-білуге жеткіліксіз болары сөзсіз, біздікі – ишарат, барлау жасау, қолдан келгенше олардың жаңашылдығының сырына үңілу ғана болмақ.
Жаңалықтар






































