«Қалаға барсам, ауылды сағынамын, тез кеткім келіп тұрады. Қалада кейбір адамдарда мейірім аздай көрінеді. Жастардың үлкендерге зіркілдеп сөйлегенін көргенде, көңілім түсіп қалады. Ал бұл жерде жаның тыныш, рахат. Таңғы алтыдан тұрып, түнгі он екіге дейін тынбай жүреміз. Қойды бағып, сиырымызды сауып, сүт тартамын».