Биыл Алғыс айту күні қарсаңында «Вайнах» Қазақстанның шешендері мен ингуштарының республикалық қауымдастығы өңірлік этномәдени бірлестіктер басшыларының қолдауымен, қауымдастықтағы кәсіпкерлермен, жастармен және еріктілермен бірлесіп, елорданы қоса алғанда барлық өңір бойынша 1 000-нан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсеткен.