Павлодар облысы Аққулы ауданына қарасты Малыбай ауылының тұрғындары мал ұрлығының жиілеп кетуіне алаңдаулы. Тұрғындардың айтуынша, жылдар бойы маңдай терімен жинаған малын белгісіз біреулер бір түнде айдап әкетіп, халықты әбігерге салып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz. Ауыл халқы үшін мал – күнкөрістің негізгі көзі, отбасының несібесі мен жылдар бойы жинаған еңбегінің жемісі. Алайда мал ұрлығының салдарынан тұрғындар …