2026 жылдан 2028 жылға дейін елде медициналық авиацияға бюджеттен 16,5 млрд теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, биыл Қазақстанда медициналық авиация 1495 рет ұшып, 1543 науқасты тасымалдаған. 2011 жылдан бастап штаты шамамен 60 адамнан құралған отандық медавиация қызметкерлері 44 мың адамның өмірін аман алып қалған. Науқасты әуемен тасымалдау туралы шешім қалай қабылданатынын, санавиация қызметкерінің …