Велошабандоз Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде алтын медаль жеңіп алды. Ол тасжол велоспортынан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста үздік шығып, Қазақстан құрамасының осы Азиададағы алғашқы алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Жеңісті шешкен 4,68 секунд Рината Сұлтанова жарыс жолын 36 минут 23,72 секундта жүріп өтті. Қазақстандық спортшы екінші орын алған қытайлық …