Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру бірнеше жылда екі есе өскенімен, ғылыми зерттеулердің экономикаға нақты қайтарымы әлі де төмен. Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеру барысында 51 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталып, тағы 47 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны белгілі болды. Бұл туралы Құрылтайдың жалпы отырысында Палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қаржы …