Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип қызметінен кетеді. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) нидерландтық маманмен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Скотт Маннның айтуынша, нидерландтық маманмен жасалған келісімшарт осы аптаның соңында аяқталады. Келісім мерзімі біткеннен кейін федерация ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер іздеуге кіріседі. …