Түркияның Ыстанбұл қаласында Жезқазғанда 20 жыл бұрын болған кісі өлтіру ісіне қатысы бар деген күдікпен 50 жастағы Витта Махмаханов ұсталды. Оған Ресейдің құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жариялаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Түркияның Habertürk басылымына сілтеме жасап. Түрік басылымының мәліметінше, Махмахановтың есімі 2006 жылдың қарашасында Жезқазғанда қылмыс әлемінің беделді өкілі Сағит Шақпұтовтың өлтірілуіне қатысты істе аталады. …