Елде бастапқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспана алудың жаңа тетігін әзірлеп жатыр. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, қазір «7-20-25» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша бастапқы жарна 20 пайызды құрайды. Ал «2-10-20» …