Қазақстанда тұрғын үйлерге энергия үнемдейтін технологияларды енгізу баспана құнының 2%-ға дейін өсуіне әкелуі мүмкін. Алайда мұндай технологиялар ұзақ мерзімде тұрғындардың коммуналдық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов Tizgin.kz тілшісінің сұрағына жауап бергенде айтты. Журналист орталық басшысынан құрылыс компаниялары энергия тиімділігін арттыруға жұмсаған шығындарын пәтер сатып алушыларға …