«Қазатомөнеркәсіп» акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында ресейлік «Ураниум Уан Груп» компаниясына табиғи уран жеткізу жөніндегі ірі мәміле мақұлданбады. Дауыс беруге қатысқан акциялардың 88,34%-ы қалыс қалғандықтан, шешім қабылдауға қажетті көпшілік жиналмаған, деп хабарлайды Tizgin.kz компанияның ресми ақпаратына сілтеме жасап. Сырттай дауыс берудің қорытындысы 2026 жылғы 7 қазанда шығарылып, нәтижесі 8 қазанда жарияланды. Жиналысқа компанияның дауыс беретін …