Норвегияның әйгілі шахматшысы Магнус Карлсен Еуропада өтіп жатқан супертурнирде қазақстандық Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партияға қатысудан бас тартты. Соның салдарынан оған техникалық жеңіліс тіркеліп, Асаубаеваның еншісіне 8 ұпай жазылды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Карлсен неге ойыннан бас тартты 17 қарашада өткен алғашқы ойын күні норвегиялық гроссмейстер үшін сәтті басталды. Карлсен блиц форматындағы төрт партияның үшеуінде жеңіске …