2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда отбасылардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтаудың жаңа әдістемесі күшіне енеді. Енді әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау кезінде отбасының табысы ғана емес, мүлкі, несиесі, жұмыспен қамтылуы және асырауындағы адамдар саны да ескеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. …