Мемлекет басшысы Украина президенті Владимир Зеленскийге жеделхат жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.