2020 жылдың басында әлемді құрсауға алған жаһандық пандемияның алдында ғана түрікмен елінен қандастардың көші атажұртқа бет түзегелі отырғаны хабар тараған. Бірақ пандемияға байланысты елдердің арасындағы шекара бекеттері жабылғандықтан құжатын хаттап, елге әне-міне ораламыз деп отырған елдің біраз қиналып қалғаны бар. Себебі олар түрікмен елінің есебінен шығып, Қазақстанға көшуге дайындалғанымен елден шыға алмай қиындыққа тап болды. …