Алматы облысының Алатау қаласында жұмыссыз адамдарға заңсыз жалақы аударып, бюджет қаржысын жымқырған төрт адам сотталды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Tizgin.kz. Бюджеттен 6 млн теңге заңсыз төленген Алатау қаласының прокуратурасы қалалық Мансап орталығына жүргізген тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады. Тексеру нәтижесінде 2025-2026 жылдары мансап орталығының екі қызметкері іс жүзінде жұмыс …