Көкшетауда жоғалған сегіз жастағы баланың денесі қаладағы ашық құдықтардың бірінен табылды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Баланы полиция мен құтқарушылар іздеген Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 8 қазанда кезекші бөлімге Көкшетауда кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Іздестіру барысында баланың денесі ашық құдықтан табылған. …