Ермек менің досым, бірақ шындық одан қымбат. Режиссер Ермек Тұрсынов неге шетел асып кетті? Ермек Тұрсыновтың Қазақстанды талақ қылып шетелге кетуі бірінші емес. 90-жылдардың ортасында Тұрсынов «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бастығы болды. Ол кезде салалық министр Алтынбек Сәрсенбаев тұғын. Телеарнаға жарнама берушілерден түскен қаржыны жымқыруға байланасты дау шықты. Қаржы полициясы Ермек Тұрсыновтың қолына кабинетінде кісен салып, оны ұзын дәлізбен жетектеп алып кетті. Сонда телеарна қызметкерлері «бұ не сұмдық» дегендей аңтарылып қарап тұрған еді… Кейін Е.Тұрсынов министр А.Сәрсенбаевпен келісімге келді ме, ол жағы түсініксіз, абақтыда көп отырған жоқ. Абақтыдан шыға сала Е.Тұрсынов министрге ренжіді ме, әлде түгел қазақ еліне ренжіді ме, әйтеуір […]
Басқа



























