«Күннің ысуынан келетін қауіп-қатер көп, адам өлімі көбейеді. Оның себебі, ыстық ауа ағзадағы қан айналым жүйесіне кері әсерін тигізеді. Ағзадағы су жоғалып, қан ұйып қалады. Салдарынан тромб түзіліп, тамырлар қысылады. Сондықтан, ыстық ауа райынан инфаркт, инсульт, қан ұйылу тәрізді қан-тамырлар ауруы көбейеді», - дейді қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары.