Қазақстандық жүктердің Өзбекстан арқылы транзитіне тыйым салынатынын естігенде, ең алдымен, солтүстік қазақстандық ұн тартушылардың құлағы елең етті. Өйткені дәл солтүстіктен Ауғанстанға ең көп ұн жеткізу процесі жолға қойылған. Онда Қазақстанның ұн тарату саласының 2/3 тауарлары сатылады. Бірақ өзбек тарапы, кәсіпкерлердің айтуынша, қазірдің өзінде өнімдерімізді өткізбей отыр. Шекарада ондаған вагон тұрып қалған. Кәсіпкерлер миллиондаған шығынға ұшыраймыз деп дабыл қағуда.