Қазір не көп, алаяқтық көп. Ақша үшін арын, тәнін сататындар, өз туысы мен бауырын алдап ақшасын жеп кететіндер көбейді. Бірақ соның бәріне қарамастан, ежелден санамызға сіңіп қалған адал, таза, қайрымды жандар туралы түсінік көп адамдарды әлгіндей алаяқтардың арбауына түсуге еріксіз итермелеп жатады. Егер адамдардың бәрі бір-біріне мүлдем сенебйтін болса, онда мына өмірде сенімге негізделген қатынас та болмас еді. Ал оның ақыры адамдардың арасынадғы байланысты үзіп, әр пенде өз күнін өзі көретін, ешкімге сенбейтін, бір-бірімен жылы қатынас жасамайтын тағылық қоғамға әкеліп соғатыны анық.