"Биылғы жылғы маусымның 26-да Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері әйелдерге қызмет ұсына отырып, өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратумен және жарнамалаумен айналысқан облыс орталығының тұрғынын анықтады. Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы "порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды", - делінген ПД хабарламасында.