Бүгін біз жаңа мыңжылдыққа аттап отырмыз, бірақ біздің бүгінгіміз бен болашақтың түп-тамырлары өткен ХХ ғасыр еншісінде қалап отыр. Кеңес дәуіріндегі ел тарихы оның ақтандақ беттері бүгінгі халықтың ой елегінен өткізілуде. Алаш тарихына Тәуелсіздік жылдары батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілікпен қараған ұрпақтың тарихы ретінде қарастыру бастау алды. Нақтырақ айтсақ, Алашорда үкіметінің және Алаш автономиясының құрылуы ол ХХ ғасырдағы қазақтың саяси тарихындағы ерекше құбылыс болатын.