Қазақ мемлекеттілінің құрылу кезеңі, пайда болу, өмір сүру дәуірі бір сәттік оқиғалардан құралған тарих емес. Ол ғасырлар бойы жалғасқан саяси ойдың, қоғамды ұйымдастыру тәжірибесінің және ұлттың өзін-өзі тану жолының біртұтас жүйесі. Осы жолды қарастырғанда, Қазақ хандығының қалыптасуынан бастап Алаш қозғалысына, содан кейін Республика институтына, ақырында Тәуелсіздікке дейін баратын тарихи желі ап-айқын байқалады.