Әлемде коронавирус жұқтыру бойынша жағдай әлі де алаңдатарлық. АҚШ-та бір тәулікте 76 мың жаңа жағдай тіркелді. Түркия (62 мың жаңа жағдай), Франция (43 мың), Германия (32 мың), Польша (21 мың) сияқты Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясының өсімі байқалады. Көптеген ел үкіметтері шектеу шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдауда.