Қазақ ғылымының тарихында ерлермен иық тірестіріп қана қоймай, тұтас бір ғылыми бағыттың негізін қалаған санаулы тұлғалар бар. Солардың бірі – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Патшайым Тәжібаева. Ол – Орта Азия әйелдері арасынан шыққан тұңғыш геолог-ғалым, Қазақстандағы литология ғылымының негізін қалаушы. Тағдырдың талай тауқыметін көрсе де, ғылымдағы табандылығы мен зеректігінің арқасында әлемдік деңгейде мойындалған қайраткер.
Басқа