Қазақ рухани мәдениетінде хат жазу дәстүрі ерекше орын алады. Эпистолярлық жанр тек жеке адамдар арасындағы тұрмыстық немесе қызметтік байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге дәуірдің саяси, әлеуметтік және мәдени ой-өрісін айқындайтын тарихи дереккөз ретінде бағаланады. Хат арқылы берілген ой, көңіл күй, талқы мен шешімдер белгілі бір кезеңнің интеллектуалдық атмосферасын дәл көрсетеді. Сондықтан эпистолярлық мұра – ұлттық тарихи жадты толықтыратын әрі тұлғалардың дүниетанымын түгендеуге мүмкіндік беретін маңызды мәтіндік корпус.
Басқа