Ілгеріде бір патша үлкен кеселге шалыныпты. Тәуіп, балгер, емшілер ешқандай ем таппапты. Патшаның жүрегін бір тышқан кеміргендей ауырып тұратын болыпты. Бір күні патша тағында отырып, маған не болды, ешқандай емі жоқ бұл не ауру болды екен?- деп уайым қылып отырса, уәзірі кіріпті. Тақсыр, бір тәуіп келіп тұр, құзырыңызға кіргізейін бе, мүмкін соның айтқаны шипасын беріп қалар - депті.