Оқиға Түймебаев ауылында болған. Атыс жайлы полицейлерге ауыл тұрғындары хабар берген. Кейіннен анықталғандай, 24 жастағы ауыл тұрғыны марқұммен араздасып, атып кеткен. Оның денесін елді мекеннің сыртына алып барып, үтсіне топырақ сеуіп тастаған. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны анықталуда. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол он бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.