Алтын адам табылып аты шыққан Есік қаласынан тағы да адам сүйегі табылды. Бірақ бұл жолғы сүйектер жәдігер деуге келмейді дейді жергілікті тұрғындар. Оның үстіне перзентханадан он қадам жерден табылған адам қаңқасы мен бас сүйегі одан сайын қорқыныш тудырып отырған көрінеді. Ал Есік қаласының тұрғындары біреулер әдейі адам өлтіріп, көміп кетуі мүмкін деп болжам жасап отыр