Шолпан Абдрахаеваның сөзінше ұлын өліміне себепкерлер әлі бостандықта жүр. Ал полиция күдіктіні қамауға алу үшін дәлел жеткіліксіз депті. Енді тергеушілер тағы да сараптама жасату үшін марқұмды қабірден қазып алмақшы. Бірақ, қаза болған жігіттің жақындары екі сараптама өткізсе де қылмысты аша алмаған Ұзынағаш полициясына сенбейміз деп мәйтті қазып алуға рұқсат бермей отыр.