Алматыда омырауына ота жасатқан Лаура Ізбасарованың өліміне себепкер болды деп айыпталған пластикалық хирург Дмитрий Писарев сотталды. Ол ҚК 317-бабы 3-тармағы "Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы салдарынан болған адамның өлімі" бабы бойынша кінәлі деп табылды. Десек те сот айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.