Алматы қалалық Полиция департаменті жыл басынан бері қалада ұрлық азайғанын мәлімдеді. Жыл басынан бері Алматы қаласында бөтеннің мүлкін ұрлау саны 36,7% төмендеген. Қоғамдық орындарда 662 ұрлық жасалған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 есе аз.