Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Алтайдан ауған ел» спектаклін қойды. Бұл спектакльдің премьерасы өткен жылы Тәуелсіздік мерекесінде болғаны көрерменнің есінде болар. «Алтайдан ауған ел» – басынан кешпеген нәубеті мен бейнеті аз қазақ деген халықтың тарихы мен трагедиясы. Спектакльде азап пен арпалысқа толы атмосфера бар, сына жаздап сынбаған рухты, ауыса жаздап орнында қалған ақыл мен естің күшін көресің. Қойылымнан кейін нешеме ауыр ой арқалап шығасың.