Әмір Темір Шығыс жерлерінің көп бөлігін бағындырған жауынгер және қолбасшы ретінде тарихта қалды. Ол өмір сүрген уақытта Азия халқы оны пір тұтса, Еуропалықтар одан сескенді. Алтын орда, Осман империясы, Мысыр, Үндістан және басқа мемлекеттердің әскерлерін тізе бүктірген білікті қолбасшы болды. Парсылар өздерінің шежірелерінде оны «Тимур-Е Лянг», яғни «Ақсақ Темір» деп атап, оның аяғының кемістігі туралы көп айтты. Еуропалық дереккөздерде «Тимур-Е Лянг» Темірлан деп оқылды. Ал шын мәнінде оның шын есімі - Тимур ибн Тарағай Барлас. Азия мен Еуропа халқын дүрліктірген Әмір Темір туралы бірнеше дерек ұсынамыз.