Жақында Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектепте 19 жастағы бозбала оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған еді. Күдікті адамдарды кепілде ұстап, нәтижесінде 7 оқушы мен екі мұғалімді өлтіреді. Артынша Қарулы күштер жігітті ұстаған, қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Өз баласы мектеп оқушыларын, мұғалімді атып өлтіргенін естіген ата-ананың жағдайы қандай екенін сезіну, елестету қиын. Көп жағдайда қоғам мұндай кезде "дұрыс тәрбие бермеген" ата-ананы кінәлауға бейім. Жасөспірімнің психологиялық ақауға ұшырап, осы тәрізді қылмысқа баруына дер кезінде көңіл бөлмеген ата-ана кінәлі ме? Баланың психикалық ауытқуға ұшырауының алғашқы белгілерін анықтау мүмкін бе?