«Арғымақтың баласы аз оттар да, көпжусар, Азамат ердің баласы аз ұйықтар да, көп жортар» дейді Махамбет Өтемісұлы. Демек, тектілік, асылдықтың, азаматтықтың, «арғымақтықтың» белгілері – «аз оттап, көп жусау», «аз ұйықтап, көп жорту» десек, қателеспейміз. Дінімізде де дүниеге көңіл қоймаған, ақыретін ойлаған тақуа ерлердің күндізін «саим», ал түнін «қаим», яғни күндізін оразамен, ал түнін құлшылықпен өткізетіні айтылады. Ақиқатында, Рамазан да «аз оттап, көп жусайтын, аз ұйықтап, көп жортатын» айдың бірі десек те болады.