«Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» дейді дана халқымыз. Сонау көне заманнан бастап адам баласы бірлікте өмір сүріп келеді. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп ерте бастан ынтымақсыз іс бітпейтінін түйсіне білді. Бірлесіп отырып, алқалы кеңес өткізіп, соның ортақ шешімі арқылы іс әрекет жасағанда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Ол бүгінгі дамыған қоғамда да өзектілігін жоймаған қағида. Сондықтан әрбір зайырлы қоғам қоғамдық бірлестіктердің жұмыс істеуіне кеңінен мүкіндік берген.