Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы және іргелес елдердегі балалар панасыздығына қарсы күрес тарихынан» атты архив құжаттары мен материалдар жинағы дайындалды. Басылым Қазақстанның әлеуметтік тарихының күрделі және ұзақ уақыт зерттелмеген беттерінің бірі — ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық пен мәжбүрлі қоныс аудару және ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі терең қоғамдық сілкіністер аясында туындаған балалар панасыздығы мәселесін ашады.
Басқа