Бүгінде еліміздегі базарлар жан-жақтан келген жеміс-жидекке толы. Бірақ, аптап ыстықта көп адамдар жемістердің кесірінен уланып, түрлі ішек инфекциясымен ауруханаға түсетіні жасырын емес. Дегенмен, үкімет шағын бизнес өкілдеріне мораторий жариялағаннан бері, жеміс-жидек сататындарды да тексеруге қауқарсыз.