Ал еуропалық комиссия 2035 жылға қарай бензинмен жүретін көлік түрлерін шығаруға тыйым салмақ. Өйткені, оның қоршаған ортаға зияны көп. Бұл туралы 2050 жылға арналған климаттық бейтарап экономика жоспарында айтылған. Кеше жария болған құжатта осындай қатаң талаптар зиянды қалдықтарды азайтуға септігін тигізетіні көрсетілген. Сөйтіп, алдағы 10 жылда аталған мемлекеттерде шығарылатын көліктердің көміртегі қалдықтары 55 процентке, ал 35-нші жылға дейін 100 процентке азайтылмақ. Оған сай қуаттағыш стансалары бой көтереді. Әр нысанның арақашықтығы 60 шақырымды құрауы тиіс.