Елімізде мектеп директорларын үш жылда бір рет ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының ротациясы туралы айтып, халықаралық тәжірибе негізінде, шешім барлық оң және теріс жақтарын ескере отырып қабылданатынын айтқан еді. Бұл бастамаға қатысты орта білім беру ордаларының басшылары не дейді? Stan.kz тілшісі мектеп директорларының пікірін білді.