Бөкей Ордасына сапарымызды әрі қарай жалғастырамыз. Бұл жолғы аялдамамыз – Хан Ордасы ауылынан шамамен төрт шақырым жердегі Хан қорымында орналасқан Жәңгір хан кесенесі. Маңғыстаудың ақ ұлутасынан бой көтерген биік күмбезді құрылыс бүгінде Бөкей Ордасының тарихын танытатын маңызды мемориалдық нысандардың бірі саналады. Кесене орналасқан қорымда Жәңгір ханның отбасы мүшелері мен жақын туыстары жерленген, ал оның маңында күйші Дәулеткерей Шығайұлы мен ғалым-этнограф Мұхамед-Салық Бабажановтың кесенелері тұр.
Басқа