Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Достық пен өзара түсіністіктің нышаны болған бұл мейрам - Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың бірі. Ал Қазақстан - мәдениеттерінің, тілдері мен дәстүрлерінің әралуандығы басты байлығына айналған, ал азаматтары жасампаздық пен даму идеясы айналасында біріккен ел. Сол тұрғыдан алғанда 1 мамыр мерекесі елімізде ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығының, азаматтық келісімнің, ауызбірлігінің жарқын көрінісін паш етеді.