Бай болу, еш қысылмай жеткілікті өмір сүруді кім қаламайды?! Ал дінімізде болса дүниеқұмарлық құпталмайтын іс. Бірақ бұл нәпақаңды таппай, жалқаулыққа басып отыра бер деген сөз емес. Тек бастысы, Алланың рұқсат еткен адал жолымен ризық табу. Өмірде асқан дәулетті көздеп, «байлыққа бастайтын жол» деген желеудегі батыстың түрлі тактикаларына жүгініп жататындар аз емес. Алайда мұның оңай әрі сауапты һәм Жаратушының разылығына бөлейтін тиімді жолы бар екенін естен шығармайық. Алла Тағала Құран Кәрімде сүйікті құлдарына қалай ризықты арттыруға болатынын көрсетіп қойған: