Алматыда жол апатын жасап, анасы мен қызының ауруханаға түсуіне себепкер болған жүргізуші вакцинаны кінәлады. Көлікті тізгіндемес бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған жігіт дәрінің кесірінен ұйықтап кеттім дейді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.